Саясат

Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты

© AP Photo / AP Photo / Mary Altaffer, FileФлаги стран-участниц Организации Объединенных Наций
Флаги стран-участниц Организации Объединенных Наций - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған Қайрат Омаров Австриядағы төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалды

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ауысты. Бұл қызметке Мағжан Ілиясов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев экс-министр Жұмағалиевке жұмыс тауып берді 

Ал Мағжан Ілиясовтың орнына Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады.

Мағжан Ілиясов туралы не білеміз?

Мағжан Жанботаұлы 1974 жылдың 26 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын тәмамдаған.

Дипломатиялық карьерасын 1996 жылы Қазақстан сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен атташесі лауазымдарынан бастады.

1998-1999 жылдары БҰҰ басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты болып жұмыс істеді.

2003-2005 жылдары Қазақстан президенті кеңсесінің ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы болды.

2005-2012 жылдары президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.

2013-2016 жылдары президент кеңесшісі – президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болды.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы елшісі және Қазақстан Республикасының химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болды.

Мағжан Ілиясов І сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және неміс тілін меңгерген.

Жаңалықтар
0