НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жылу 15 қазаннан бастап беріледі. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы жылдың 1 қазанынан бастап Ақтөбе мен Атырау облысында жылу беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде 15 қазаннан басталады", – деді министр үкімет отырысында.
Ноғаев қазір жылу беру маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Энергетика министрлігі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес әкімдіктерге коронавирусқа байланысты жылу беру маусымын ертерек бастау туралы ұсыныс енгізген.