Саясат

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті

© Photo : МИД КазахстанаКазахстан передал гуманитарную помощь пострадавшим от наводнения провинциям Афганистана
Казахстан передал гуманитарную помощь пострадавшим от наводнения провинциям Афганистана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстаннан жеткізілген гуманитарлық көмек Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинциясының тұрғындарына таратылды

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министріліктің хабарлауынша, Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына гуманитарлық көмекті тапсырды. Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасыға берілетін болады.

Гуманитарлық көмекті табыстау іс-шарасына Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және елдің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігік төрағасы Гулам Бахауддин Жилани қатысты. Олар Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылық білдірді.

"Елші Әлімхан Есенгелдиев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы достық қарым-қатынасты тілге тиек етті. Сонымен қатар еліміздің осы күрделі жағдайда өңірдегі елдерге, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын айтты", – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстаннан барған гуманитарлық көмек Ауғанстанның 8 провинциясындағы тұрғындарға жеткізілді. Азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Жаңалықтар
0