Қоғам

Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды – Цой

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуДети в защитных масках, архивное фото
Дети в защитных масках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық министрі әкімдер мектептердегі профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 104 оқушы індетке шалдыққан. Соның ішінде 33 бала мектепте кезекші сыныптарда оқып жүрген оқушылар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, соның 33-і кезекші сыныптарға барып жүрген балалар. Олармен байланыста болған 550 адам анықталды, олардың жетеуі індетке шалдыққан", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қашықтан оқитындар арасында 71 оқушыда коронавирус диагнозы расталды. Олар 240 адаммен байланыста болған, 15-і індет жұқтырды.

"Барлық оқушы мектепке барып оқығанда, байланыста болғандар саны кемінде 1 500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мұғалімдер мен отбасы мүшелері арасында ауру таралып кетер еді", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Кезекші топтарда коронавирус анықталса, мектеп жабылуы мүмкін 

Осыған байланысты әкімдер мектептерде санитарлық-дезинфекциялық, маска режимі және басқа да профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет, деп толықтырды Цой.

Жаңалықтар
0