Қоғам

Министр үкіметте қазақстандықтардың қорқынышы туралы айтты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВышки сотовой связи на крыше дома
Вышки сотовой связи на крыше дома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдат Мусиннің айтуынша, болашақта интернетке байланысты проблемаларға жол бермес үшін заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтардың радиофобиясы интернетпен қамтамасыз ететін базалық станцияларды орнатуға кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта адамдардың радиофобиясы бар. Бұл бізге интернетті толыққанды жеткізуге кедергі жасайды. Мәселен, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынның арызымен базалық станция алынып тасталды", – деді Мусин үкімет отырысында.

Осыдан кейін тұрғындар интернетке қосыла алмай қиналған. Байланыс операторы базалық станцияны қайтадан орнатуға мәжбүр болды.

Болашақта осындай проблемаларға жол бермес үшін министрлік заңнамаға біраз өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

Соның бірі – кондоминиумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу.

Бұдан бөлек, жаңа үйлерді пайдалануға берер алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету көзделген.

Оқи отырыңыз: Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys.bar сервисі іске қосылды. Қазір оны 50 мыңнан астам адам қолданады.

Жаңалықтар
0