Қоғам

Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖайылған дастарқан
Жайылған дастарқан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен демалыс күндері 4 түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық полицейлер карантинді өрескел бұзудың 15 мыңнан астам фактісін анықтады. Соның 600-і той мен ас беру жағдайлары. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылау кезінде карантинді өрескел бұзудың 15 мыңнан астам дерегін тіркеді. Бұл тойлар мен қазаға орай ас берудің 600 фактісі, демалыс аймақтары қызметінің 1 мыңнан аса фактісі, соның ішінде су қоймалары маңында жұмысын жандандырған демалыс нысандары да бар", – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Айтуынша, тек өткен демалыс күні (26-27 қыркүйек) 41 салтанатты шараны өткізудің жолы кесілді.

Мәселен, Қызылорда облысындағы "Орда" мейрамханасында 100 шақты адам қатысқан той өткен. Жалпы бұл облыста 5 шілдеден, яғни карантин күшейтілгеннен бері осындай 225 факті анықталды.

Сонымен қатар, министр астана мен Алматы қалаларындағы заңбұзушылықтарға да тоқталды. Нұр-Сұлтанда 25-нен 26 қыркүйекке қараған түні жұмыс істеп тұрған 4 түнгі клуб анықталды. Оның бірінде 65 адам болған. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: Той өтіп жатқаны туралы хабарлағандарға берілетін сыйақының мөлшері бекітілді

Ал Алматы қаласында 5 түнгі клуб жабылды. Ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, бетперде тағу режимін бұзудың 11,8 мың фактісі тіркелді. 

Ішкі істер министрлігі жиналған материалдарды әкімшілік өндіріс үшін денсаулық сақтау органдарына тапсырған.

Жаңалықтар
0