Саясат

"Бірлік" партиясы бос уәде бермейді – Сұлтанғали

© ЦИК РКРегистрация партийного списка партии "Бірлік"
Регистрация партийного списка партии Бірлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бірлік" партиясы 2021 жылы өтетін парламенттік сайлауға қатысуға дайын ба - партия төрағасы ол жағын нақтыламады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек - Sputnik. "Бірлік" партиясы Қазақстандағы барлық саяси шараға қатысуға дайын, деді партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

"Нұр Отан" ішкі праймеризді өткізіп жатыр, басқа партиялар да белсенділік таныта бастады. Уақыт белсенділікті талап ететіні анық. Ал біз "толысқан" партия ретінде өз күшімізге сенеміз және барлық саяси шараға қатысуға дайынбыз", - деді Сұлтанғали партияның кезектен тыс V съезінде.

Сондай-ақ ол партия ұстанымдарының бірі – басы артық уәде бермеу, "сайлаушылар алдында, халық алдында бос уәде беретін партия ретінде көрінбеу" екенін айтты.

"Одан да бір ауылға су құбырын жүргізіп берейік, болмаса көп балалы отбасыға бір-екі келі ұн, кәмпит апарып, қаржылай көмек көрсетейік. Бұл әрине, азғантай көмек болғанымен, нақты атқарылған жұмысты көрсетеді", - деді төраға.

Оның айтуынша, "Бірлік" партиясы ешқашан өзіне негізсіз уәделерімен назар аудартпаған.

"Біз біреудің көңілінен шығу қажет деген ұстаныммен жүрмейміз. Біздің партия – нақты істің көрсеткіші", - деді Серік Сұлтанғали.

"Бірлік" партиясы туралы

Қазақстанда "Бірлік" саяси партиясы 2013 жылы құрылды. 2016 жылы парламенттік сайлауға қатысты. Ол кезде партия ең аз 0,29% дауыс жинап, парламентке өтпей қалған еді.

2019 жылы Серік Сұлтанғали "партия Қазақстандағы президенттік сайлауға өз кандидатын ұсына ма?" деген сауалға "партия әлі піспеді" деп жауап берген болатын.

Жаңалықтар
0