Қоғам

Алматы басшылығы тұрғындардан үй құстарын тіркеуден өткізуді сұрады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКурица
Курица - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық ветеринарлық қызметтің хабарлауынша, құстар тұмаудан өлген жағдайда жергілікті атқарушы органның шаруашылық кітабында тіркелген құстар үшін ғана өтемақы төленеді

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі басқа өңірлерде құс тұмауының таралуына байланысты тұрғындардан үй құстарын тіркеуден өткізуді сұрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімдігі Қазақстанның солтүстік өңірі мен Жамбыл облысында аса қауіпті "жоғары патогенді құс тұмауы" ауруының өршуі тіркелгенін және бұл індеттің Түркістан облысында да болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Осыған байланысты Алматы қаласының "қалалық ветеринарлық қызметі" құс иелерінен бұл мәселеге барынша байыпты қарауды және кәсіпорынның ветеринария бөлімінде үй құстарын 100% тіркеуден өткізуді сұрайды", – делінген хабарламада.

Ол үшін үй құстарының иелері 269-90-06 (ішкі нөмір – 705) немесе қала аудандарына бекітілген кәсіпорынның ветеринариялық дәрігерлеріне хабарласуы тиіс. Атап айтқанда:

  • Алмалы ауданы, ветеринарлық фельдшер Мұқымжан Ақерке, +77073701111;
  • Алатау ауданы, ветеринарлық дәрігер Мыңжасаров Сәбит, +77773695976;
  • Әуезов ауданы, ветеринарлық фельдшер Әлімғожаев Жомарт, +77772008007;
  • Бостандық ауданы, ветеринарлық дәрігер Маткаримов Сәбит, +77027000613, 7088328865;
  • Жетісу ауданы, ветеринарлық дәрігер Арысбеков Еркін, +77475867097;
  • Медеу ауданы, ветеринарлық дәрігер Мошан Ердос, + 77753654559;
  • Наурызбай ауданы, ветеринарлық дәрігер Төлекұлы Ардақ, +77471565536;
  • Түрксіб ауданы, ветеринарлық дәрігер Каримов Жомарт, +77073860692.

Қалалық ветеринарлық қызметтің хабарлауынша, құстар тұмаудан өлген жағдайда келтірілген зиян үшін өтемақы жергілікті атқарушы органның шаруашылық кітабында тіркелген құстар үшін ғана жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз: Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады

Ал Ветеринария туралы заңның 25-бабындағы 6 және 7-тармақ талабын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 406-бабына ("Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу") сәйкес айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Жаңалықтар
0