Аңдатпа

Қазақстанда 1 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы осенью с высоты птичьего полета
Виды Алматы осенью с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (Тіркелу nobel-fest.inpolicy.net).

00.00 – мобильді қосымша және primaries.kz арнайы веб-порталы арқылы Nur Otan партиясының праймеризіне электронды дауыс беру басталады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингісі көрсетілетін праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

10.00 – Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған "Ғажайып көркем сурет" көрмесі. Көрме ҚХР құрылғанына 71 жыл толуына арналған. Көрме 31 қазанға дейін жұмыс істейді. Демалыс күні – сейсенбі (Алматы, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 727 264 26 80).

10.00 – "Қарты бар үйдің қазынасы бар" қайырымдылық концерті (Трансляция Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Instagram парақшасында).

11.20 – "Денсаулық сақтау министрлігінің өзекті мәселелері: пандемия кезіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі туралы" ОКҚ онлайн брифингі. Спикерлер: денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният. Трансляцияға сілтемелер: youtube.com/user/ortcomkzfacebook.com/ortcomkz.

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 120-шы мерейтойлық театр маусымының ашылуы. Маусым "Найзағай" спектаклімен ашылады (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).

АЛМАТЫ

19.20 – "Ұлы Гэтсби" фильмінің тегін көрсетілімі (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

2 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметіне  қатысты өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізеді. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы 7, акт залы мекенжайында, сонымен қатар коронавирус індетін таратпау мақсатында, Facebook әлеуметтік желісі арқылы департаменттің ресми парақшасында (сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100053800992894) онлайн режимде өтеді. Жария тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172)36-11-57. БАҚ-ты аккредиттеу 1 қазан сағат 15.00- ге дейін созылады. Аккредиттеу мәселелері бойынша 8 (7172) 36-11-57, 87475793889 телефондары немесе zh.kenzhetaeva@economy.gov.kz, uaremast@mail.ru мекен-жайы арқылы сұрауға болады.

АЛМАТЫ

18.30 – "Таза ауадағы опера" автоконцерті. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері - Жәмилә Баспақова мен Александр Сметанин әлемдік опера хиттерін орындайды ("Тикетон Атакент" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42к22).

19.20 – "Титаник" фильмінің тегін көрсетілімі (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

3 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Человек-подушка" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

АЛМАТЫ

19.20 – "Ла-Ла-Ланд" фильмінің тегін көрсетілімі (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР    

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры. (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР    

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР     

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0