Қоғам

Елордада жол жүру ақысын төлеудің тағы бір жүйесі іске қосылды

© Photo : департамент транспортного контроля CTSПроверка билетов у пассажиров общественного транспорта
Проверка билетов у пассажиров общественного транспорта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Транзакция жасау үшін картаны немесе телефонды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Елордада банк карталарымен жолақысын төлеудің тағы бір жүйесі қолға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"№20 бағытта кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл төлем жүйесі тест режимінде жүзеге асырылады және шамамен бір айға созылады", – дейді компания мамандары.

Жаңа жүйеге сәйкес, жол жүру ақысын VISA және Mastercard карталарымен, сондай-ақ, NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлеуге болады. Транзакция жасау үшін картаны немесе телефонды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу керек. Ал электронды билетті smsbus.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде автобуспен жүретін астаналықтардың 20 проценті жол жүру ақысын банк картасымен сан алуан мобильді қосымшалар арқылы төлейді. Сол себепті, CTS компаниясы банк карталарын тікелей төлем жасау құралы ретінде қолдану мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлікте жолақы төлемеген жолаушыларға айыппұл салынады

"Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін CTS компаниясы бұрын банк карталарымен төлем қабылдау бойынша екі пилоттық жобаны жүргізді. Бұл пилоттық жобалар – толыққанды қосу алдында барлық бағыттарда әртүрлі валидаторлар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік береді", – дейді мамандар.

Жаңалықтар
0