НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 6
- Алматы қаласы – 5
- Шымкент қаласы – 1
- Ақмола облысы – 2
- Алматы облысы – 2
- Атырау облысы – 1
- Шығыс Қазақстан облысы – 21
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қарағанды облысы – 4
- Қостанай облысы – 3
- Павлодар облысы – 6
- Солтүстік Қазақстан облысы – 5.
Жалпы, пандемия басталғалы бері ел бойынша ауырғандар саны 107 833 адамға жетті.