Өңірлер

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана Нурсултан Назарбаев посетил археологический объект "Старое городище Шымкент"
Нурсултан Назарбаев посетил археологический объект Старое городище Шымкент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда түрлі форумдар мен спорт шараларын өткізіп тұру қажет – Назарбаев 

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

 

Жаңалықтар
0