Өңірлер

Карантинде той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

© REUTERS / Tingshu WangНакрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине
Накрытый столик в ресторане Quanjude Peking roast duck в Пекине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екібастұз қаласында үйлену тойы өткен, онда 60 адам болған. Мейрамхана иесіне қатысты материал жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында мониторинг топтары рейдтік іс-шара өткізу кезінде карантин режимін бұзған қоғамдық тамақтану орындарын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.  

Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан Екібастұз мейрамханаларының бірінде үйлену тойы өткен, онда 60 адам болған.

"Мейрамхана иесіне қатысты материал жиналып, шешім қабылдау үшін Екібастұз қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", – деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Басқа мейрамханада ер адам отбасымен бірге туған күнін атап өткен. Барлығы 25 қонақ, сондай-ақ мекеме қызметкерлері болған. Кафе иесі карантиндік нормаларды ескермегені үшін жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі 

Полицейлер азаматтарды денсаулығын сақтауға, сондай-ақ карантин режимі жағдайында тәртіп бұзбауға шақырады.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының аумағында 468 заңбұзушылық анықталды.   

Жаңалықтар
0