НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру мәселесі ведомствоаралық комиссияның отырысында шешіледі.
"Бізде карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр. Жеңілдетудің келесі кезеңі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Онда бұдан кейінгі жеңілдету мәселесі шешіледі. Бұл келесі аптада болатын шығар, бәлкім", – деді Пірәлиева онлайн брифингте.
Айта кетейік, Қазақстанда кинотеатрлардың жабылғанына жарты жыл болды. Шығынға батқан бизнесмендер банкротқа ұшыраудың алдында тұрғанын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз: Кино көрудің үкімі қандай?