Әлем

"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш
Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас хатшының айтуынша, вирустың таралуы мен жұмыс орындарын жоғалту сынды түрлі күйзелістердің шеті мен шегі көрінбейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш сейсенбі күні әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 1 миллион адамнан асқанын жариялап, оны есеңгіретерлік жағдай деп бағалады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша (Нұр-Сұлтан уақытымен 6.45-те), әлемде COVID-19 салдарынан қайтыс болған адам саны 1 000 555-ке жетті.

"Біздің әлем өте қорқынышты белеске жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл есеңгіретерлік жағдай", – делінген Бас хатшы мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, вирустың таралуы мен жұмыс орындарын жоғалту сынды түрлі күйзелістердің шеті мен шегі көрінбейді.

"Дегенмен, біз бұл проблеманы жеңе аламыз. Қателіктерден сабақ алу керекпіз. Басқарудағы жауапкершілік те маңызды. Сондай-ақ, ғылым мен ынтымақтастықтың мәні зор", – деді Гутерриш.

Коронавирустың екінші толқыны

Көптеген елдерде COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының екінші толқыны жүреді деген қауіп бар. Чехия карантин енгізу мәселесін қарастырып жатса, Израиль карантинді қайта жариялап үлгерді. 25 қыркүйек күні Ресейде коронавируспен сырқаттанған науқастарға арналған 128 мың кереуеттің 85%-ті толды.

Ал әлемді шарпыған коронавирус індеті басталғалы бері Қазақстанда COVID-19  індетімен ауырғандар саны 107 833 адамға жетті. Бүгінге дейін республика бойынша 1 728 науқас қайыс болса, коронавирустық пневмония салдарынан 351 адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады

Жаңалықтар
0