НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Арменияда 18-55 жас аралығындағы ер адамдар аумақтық әскери комиссариаттардың жазбаша рұқсатымен ғана елден кете алады. Бұл туралы елдің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған Sputnik Армения хабарлады.
Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының армиясы Әзербайжан қарулы күштерінің Ан-2 ұшағы құлатылғанын хабарлады. Бірақ Әзербайжан қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарады.
Сонымен қатар, Әзербайжан азаматтарға әлеуметтік желілерге қолжетімділік шектелетіндігін ескертті.
"Әзербайжан халқы әлеуметтік желілерге қолжетімділіктің шектелуіне түсіністікпен қарауы керек. Елдегі шиеленісті жағдайға байланысты интернеттің қалыпты қызметінде үзілістер болуы мүмкін", – деп жазады Media.az.
Айта кетейік, бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қарабақтағы жағдай бойынша шұғыл отырыс өткізеді.
Оқи отырыңыз: Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді