Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең әдемі кітапханалар – әсерлі суреттер

Жазылу
Қазіргі кезде көп адам электронды кітапты оқығанды жөн көреді. Ал кейбірі, тіпті кітапхананы "ескінің қалдығы" деп есептейді. Жалпы, кітапханалар қажет пе? Сіз қалай ойлайсыз?

Осы бір сұрақтың жауабын ойлана отырып, әлемдегі ең әдемі кітапханалардың фотосуреттерін тамашалаңыз

Жуырда елорда мәслихатының депутаты Мирас Шекенов қаланың кітапхана қорын цифрландырып, оны бір кітапхана желісіне біріктіру жөнінде ұсыныс тастады. Оның пікірінше, қалғандарын астаналықтардың бос уақытын өткізуге арналған жаңа кеңістікке айналдырған жөн.

Бұл сөзін Шекенов жыл сайын елдің бас шаhарындағы кітапханаларға баратын азаматтар санының азайып келетінімен және рухани кемелдену ордасын қамтамасыз етуге бюджет қоржынынан бөлінетін қаржы мөлшері айтарлықтай орасан екендігімен түсіндірді.

Қазір Қазақстанның бас шаhарында 18 көпшілік және балалар кітапханасы бар. Олардың қорында барлық жастағы азаматтарға арналған және әлемнің 100 тіліндегі бір миллионнан астам кітап тұр.

Sputnik Қазақстан әлемнің ең әдемі кітапханалары бейнеленген фотосуреттер топтамасын назарыңызға ұсынады.

Білім мен тарихтың қазынасы шоғырланған бұл кітапханаларда соңғы үлгідегі гаджеттің экраны жеткізе алмайтын тамаша атмосфера бар.

Әлемдегі кітапханалар туралы қызықты деректер

  • Ең көне кітапхана Египеттің Синай түбегінде орналасқан. Бұл Әулие Екатерина ғибадатханасының кітапханасы. Ол 6-шы ғасырдың ортасында салынған және әлемдегі екінші діни орынға айналды (Ватиканнан кейін). Кітапхананың есігі қарапайым адамдар үшін жабық, сондықтан ондағы әдебиетті алуға тек монахтар мен шақырылған студенттерге ғана рұқсат етілген.
  • Әлемдегі ең үлкен кітапхана – АҚШ конгресінің кітапханасы. Оның қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп өту үшін 130 жылдай уақыт қажет.
  • Әлемдегі ең шағын кітапханалар Нью-Йоркте орналасқан, онда тек бір адамға ғана шақталған орын бар. Қорда бар-жоғы 40 кітап тұр. Шағын кітапхананың мақсаты – мегаполис тұрғындарына қаланың қайнаған өмірі мен қарбалас тіршілігінен аз уақытқа болсын демалуға көмектесу. Инновациялық кітапхана қорындағы әдебиеттердің арнайы қорғаныш мұқабасы бар.
  • Әлемдегі ең биік кітапхана Шанхай қонақ үйінде, 230 метр биіктікте орналасқан. Қорда қытай және ағылшын шығармаларының коллекциясы сақталған. Алайда кітапхананың ауданы небары 57 шаршы метрді құрайды.
  • Ең алғашқы кітапханашы – грек сыншысы және Гомер түсіндірушісі – Зенодот.
  • Алғашқы "көшпелі кітапхана" 1857 жылы пайда болды. Ол Камбрия аудандарында саяхат жасады. Мұндай кітапхананы құру идеясы әдебиетті қарапайым азаматтар арасында насихаттағысы келген меценат Джордж Мурға тиесілі.
  • Кітапханаларда көбінесе Інжіл немесе Гиннестің рекордтар кітабы қолды болып жатады.
  • Германияда бір-екі еуро төлеп, бір айға жергілікті суретшінің кез келген картинасын алуға мүмкіндік беретін көркемөнер кітапханалары бар.
  • Егер сіз Норвегияда кітап шығарсаңыз, үкімет оның 1000 данасын сатып алып, елдің барлық кітапханасына жібереді.
  • Гарвард университетінің кітапханасы сыртқы мұқабасы адам терісінен жасалған кітаптардың коллекциясымен мақтана алады.
  • Амстердамдағы әуежайлардың бірінде "сенім" кітапханасы бар. Онда кітапханашы деген атымен жоқ, кітапты қайтару мерзімі де белгіленбеген. Егер адам белгілі бір кітапты алғысы келсе, оның орнына басқа кітапты қалдырып кетуі керек.
CC BY-SA 3.0 / Jorge Royan / Әлемдік кітапханалар туралы ең қызықты деректерді біздің материалымыздан оқыңыз! Суретте: ең үлкен ғибадатхана кітапханаларының бірі – Австриядағы Адмонт аббаттығының кітапханасы. Оның ұзындығы - 72 метр.
Библиотека аббатства в австрийском Адмонте - Sputnik Қазақстан
1/14
Әлемдік кітапханалар туралы ең қызықты деректерді біздің материалымыздан оқыңыз! Суретте: ең үлкен ғибадатхана кітапханаларының бірі – Австриядағы Адмонт аббаттығының кітапханасы. Оның ұзындығы - 72 метр.
© REUTERS / ARND WIEGMANNӘулие Галл ғибадатханасының кітапханасы – Швейцарияддағы ең ежелгі кітапхана.
Библиотека монастыря Святого Галла в Швейцарии - Sputnik Қазақстан
2/14
Әулие Галл ғибадатханасының кітапханасы – Швейцарияддағы ең ежелгі кітапхана.
© AP Photo / Pier Paolo CitoВатикан апостол кітапханасы – бұл Ватикандағы орта ғасырлық және Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріндегі қолжазбалардың ең бай коллекциясы сақталған кітапхана.
Ватиканская апостольская библиотека - Sputnik Қазақстан
3/14
Ватикан апостол кітапханасы – бұл Ватикандағы орта ғасырлық және Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріндегі қолжазбалардың ең бай коллекциясы сақталған кітапхана.
© REUTERS / PHIL NOBLEМанчестердегі Джон Райландс кітапханасы.
Библиотека Джона Райландса в Манчестере - Sputnik Қазақстан
4/14
Манчестердегі Джон Райландс кітапханасы.
© AFP 2024 / BRENDAN SMIALOWSKIАҚШ конгресі кітапханасының қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп шығу үшін 130 жылдай уақыт қажет.
Библиотека Конгресса США - Sputnik Қазақстан
5/14
АҚШ конгресі кітапханасының қорында 158 миллионға жуық кітап бар. Оларға жай ғана көз жүгіртіп шығу үшін 130 жылдай уақыт қажет.
© REUTERS / ARND WIEGMANNЦюрих университеті құқық институтының кітапханасы.
Библиотека Института права Цюрихского университета - Sputnik Қазақстан
6/14
Цюрих университеті құқық институтының кітапханасы.
CC BY-SA 3.0 / Matthew Petroff / Джордж Пибоди кітапханасы, Балтимор, АҚШ.
Библиотека Джорджа Пибоди, Балтимор, США - Sputnik Қазақстан
7/14
Джордж Пибоди кітапханасы, Балтимор, АҚШ.
© AP Photo / Seth WenigНью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі. Сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең ауқымды ғылыми кітапханалық жүйелердің
Нью-Йоркская публичная библиотека - Sputnik Қазақстан
8/14
Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі. Сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең ауқымды ғылыми кітапханалық жүйелердің
© AP Photo / Jon GambrellПрагадағы Страхов ғибадатханасы кітапханасы, Чехия.
Библиотека Страхова монастыря в Праге, Чехия - Sputnik Қазақстан
9/14
Прагадағы Страхов ғибадатханасы кітапханасы, Чехия.
© REUTERS / Clodagh KilcoyneДублиндегі Тринити-колледжі кітапханасы, Ирландия.
Библиотека Тринити-колледжа в Дублине, Ирландия - Sputnik Қазақстан
10/14
Дублиндегі Тринити-колледжі кітапханасы, Ирландия.
© AP Photo / Peter DejongРейксмюсеум зерттеу кітапханасы Нидерландыдағы өнер тарихын зерттейтін ең үлкен кітапхана және өнер мұражайының бір бөлігі саналады.
Исследовательская библиотека Рейксмюсеум - Sputnik Қазақстан
11/14
Рейксмюсеум зерттеу кітапханасы Нидерландыдағы өнер тарихын зерттейтін ең үлкен кітапхана және өнер мұражайының бір бөлігі саналады.
CC0 / Pixabay / Штутгарт қалалық кітапханасының негізі 2011 жылы қаланған.
Городская библиотека Штутгарта - Sputnik Қазақстан
12/14
Штутгарт қалалық кітапханасының негізі 2011 жылы қаланған.
CC BY 2.0 / Mayumi Ishikawa / Португалия корольдігі кітапханасы, Рио-де-Жанейро, Бразилия.
Португальская королевская библиотека, Рио-Де-Жанейро, Бразилия. - Sputnik Қазақстан
13/14
Португалия корольдігі кітапханасы, Рио-де-Жанейро, Бразилия.
© AP Photo / JENS MEYERВеймардағы герцогиня Анна Амалия кітапханасында неміс әдебиетінің және тарихи құжаттардың үлкен коллекциясы бар. Тюрингия, Германия.
Библиотека Герцогини Анны Амалии - Sputnik Қазақстан
14/14
Веймардағы герцогиня Анна Амалия кітапханасында неміс әдебиетінің және тарихи құжаттардың үлкен коллекциясы бар. Тюрингия, Германия.
Жаңалықтар
0