Әлем

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуУкраинадағы ұшақ апаты
Украинадағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

© Sputnik / Сергей Одинцов / Медиабанкке өтуУкраинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады
Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді - Sputnik Қазақстан
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

Жаңалықтар
0