Қоғам

Қазақстанда КСРО төлқұжатын ұстап жүргендер аз емес – министрлік есебін жариялады

© Sputnik / Всеволод Тарасевич / Медиабанкке өтуПаспорт СССР
Паспорт СССР - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарманың өкілі Шолпан Олжабаеваның сөзіне қарағанда, Қазақстанда 6 мыңға жуық адамның нақты азаматтығы жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі КСРО-ның төлқұжатымен жүрген адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжановтың айтуынша, өткен жылы КСРО төлқұжаты бар 1 727 адамға жеке куәлік берілген болатын. Биыл қаңтар-тамыз айларында тағы 867 адам анықталып, қызыл төлқұжаттың негізінде жаңа құжаттарын алды.

"Мысалы, Қостанай облысында ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны біздің қызметкерлеріміз анықтады. Қазіргі кезде ол жаңа жеке куәлігін алып отыр. Тағы бір мысал, Қарағанды облысында 46 жастағы әйел мен оның ұлы ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Бүгінде тиісті сұрау хаттары жіберіліп, ол адамдардың қай жерде туғаны анықталып жатыр", – деді Сейітжанов онлайн брифингте.

Ал БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқарманың өкілі Шолпан Олжабаеваның сөзіне қарағанда, Қазақстанда 6 мыңға жуық адамның нақты азаматтығы жоқ. Олардың ішінде қызыл төлқұжатты, яғни КСРО куәлігін ұстап жүргенгер де бар.

"Негізі, осы адамдардың 60 проценті Қазақстан азаматығын растап, тиісті құжаттарын алып жатады. 30 проценті өзге елдің азаматтары болса, 10 процентінде азаматтық анықталмайды. Бүгінде КСРО төлқұжатын ұстап жүргендердің нақты статистикасы жоқ. Алайда, олардың көбісі шалғай ауылдарда тұрады. Келесі жылы халық санағы өтеді. Сол кезде нақты бір сандар болатын шығар", – деп атап көрсетті Олжабаева.

Оқи отырыңыз: Төлқұжат пен жүргізуші куәлігі жыл соңына дейін цифрлық форматқа ауыстырылады

Жаңалықтар
0