Оқиға

Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған ер адамды тонап кетті

© AFP 2024 / Rodger BoschБетін жауып отырған ер адам, архивтегі сурет
Бетін жауып отырған ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тонаушылар көшенің қақ ортасында ер адамның ақшасын ғана емес, көзілдірігін, белбеуі мен оттығын да тартып әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған 57 жастағы ер адамды тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Қарасай батыр көшесінен теміржол вокзалына қарай жаяу жүріп келе жатқан. Гараждардың маңына жеткенде, ер адам есінен танып қалған. Оған не себеп болғанын өзі де білмейді. Біраз уақыттан соң көзін ашса, қасында екі бейтаныс жігіт қалтасын ақтарып жатыр екен.

Күдіктілер есін жиған ер адамды ұра бастайды. Киімнің қалтасынан 30 мың теңгені алып, шалбарының белбеуін, көзілдірігі мен оттығын да тартып әкеткен.

Полицейлер адам тонады деген күдікпен екі ер адамды – қаланың 26 және 36 жастағы тұрғындарын "ізін суытпай"  ұстады.

Анықталғандай, олар бұған дейін де сотты болған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тағы оқыңыз: Алматының қақ ортасында мәжіліс депутатын тонап кетті

Заттай айғақтар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 2 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0