Өңірлер

Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуОтопление
Отопление - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгіннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Қалада ең алдымен бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі.

Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады.

Айта кетейік, қалада 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау саласындағы нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 8 024 көппәтерлі үй бар.

Жыл сайын қалада жылу маусымда 15 қазаннан бастап, орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталатын еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды 

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Алматы облысында қазанда орташа айлық температура +6 +12°С шамасында болады.

Қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +8...+13 градустан +3...+8 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы және таулы аймақтағы аудандарда 0...+5 градустан 0...-5° градусқа дейін түседі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28 градустан +10...+15°С-қа дейін, оңтүстікте +32°С-тан +20°С-қа дейін төмендейді.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0...+5° градустан +8...+13 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда -3...-8 градустан -2...+3°С-қа дейін түседі.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан 0...-5°С-қа дейін, таулы аймақтарда -10°С болады деп болжанды. Күндіз +10...+15°С-тан 0...+5°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

Жаңалықтар
0