Қоғам

Алматы – Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және "Хунну эйр" әуе компаниясының басшылығымен бірге Алматы – Ұланбатыр әуе қатынасын ашу туралы конференцияға қатысты.

"Елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтады. 2019 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен екі елдің премьер-министрі арасындағы келіссөздер барысында көтерілген әуе қатынасын ашу жөніндегі келісімнің орындалғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Бұл әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік саладағы байланыстың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Айта кетейік, 28 қыркүйекте "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады.     

Жаңалықтар
0