Саясат

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

© SputnikЗдание министерства иностранных дел РК В Астане
Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалдың өршуіне өз алаңдаушылығын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды тұрақтандырып, күш қолданудан бас тарту және келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңында келіссөздер жүргізу арқылы туындаған жанжалды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын.

"Қазақстан АӨСШК-нің (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Sputnik) қазіргі төрағасы ретінде сенім шаралары пакетін қолдануды ұсынамыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Қазақ тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қарабақ Әзербайжаннан "әуе және ракеталық шабуылдарға ұшыраған".

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян әскери жағдай енгізді. Армения да әскери жағдай енгізіп, елде жалпы жұмылдыру жариялады. Ал Әзербайжан басшысы әзірге елде жалпы жұмылдыру қажет емес деп мәлімдеді.

Жаңалықтар
0