Қоғам

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГоспиталь
Госпиталь  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында медициналдық қызмет көрсететін 18 мекемеден 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Медициналық сапаны мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күні мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 мекеменің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай сарапшылар мониторинг жүргізетінін айтады. Егер қызмет мінсіз болса ақысы төленеді, ал кемшіліктер табылса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында мұндай кемшіліктер Қостанай мен Алматы облысы және Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Мамандар қандай да бір шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болатынын ескертеді.

Жаңалықтар
0