НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.
Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.