НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 10
- Алматы қаласы - 3
- Ақмола облысы - 4
- Ақтөбе облысы - 2
- Алматы облысы - 2
- Атырау облысы - 4
- Шығыс Қазақстан облысы - 17
- Жамбыл облысы - 2
- Батыс Қазақстан облысы - 2
- Қарағанды облысы - 4
- Қостанай облысы - 3
- Маңғыстау облысы - 2
- Павлодар облысы - 4
- Солтүстік Қазақстан облысы - 5
Жалпы, пандемия басталғалы бері ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.