НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.
Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.
Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.
"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.
Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты
Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.
"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.
Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.