Қоғам

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

© Photo : Сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев посетил завод по производству легковых автомобилей Hyundai Trans Kazakhstan
Касым-Жомарт Токаев посетил завод по производству легковых автомобилей Hyundai Trans Kazakhstan - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

© Photo : Astana MotorsТоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды - Sputnik Қазақстан
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңалықтар
0