Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
27 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
12.00 – "Фатима ханша қамзолы" видео туры (Ұлттық музейдің Instagram-дағы ресми парағында көрсетіледі – @nationalmuseumkz-де).
19.00 – Медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-концерт. Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Almaty Creative YouTube арнасында қазақстандық эстрада әншілері Қайрат Нұртас, KeshYou тобы, "МузАрт", Mad Men өнер көрсетеді.
21.00 – "Қазағым-ай" онлайн-концерті. Шетелдегі отандастарды қолдау мақсатында "Ұлы дала елінен" жобасы аясында ұйымдастырылады.
28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.00 – Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ұйымдары арасында "Рухани қазына – 2020" III республикалық байқауы. Оған мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауыл клубтары қатысып жатыр. Іс-шара онлайн режимде өтеді. (Қосымша ақпарат үшін телефондар: + 7-702-379-42-02, + 7-702-910-09-59).
11.00 - Ішкі істер министрлігінің онлайн-трансляция форматындағы брифингі. Брифинг тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы КСРО паспортымен тұратын азаматтардың мәртебесін реттеу, олардың құжаттарын рәсімдеу, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы болады. Спикерлер: ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов; Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасының (БЖКБ) құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаева; Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага.
29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам компания қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шара өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).
11.00 – "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу энергиясының тарифін бекітуге қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдаулар бір уақытта офлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылады. Офлайн Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, акт залында, ал онлайн департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтеді. Қоғамдық тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172)95-18-69.
30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер музейі, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).
11.00 – "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасының презентациясы.
1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.