Экономика

Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді

© Photo : Aқорданың ресми сайтыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "КСМ Техновид" ЖШС кәсіпорнына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев КСМ Техновид ЖШС кәсіпорнына барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Алматының Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында "КСМ Техновид" ЖШС  кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысы қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты", - делінген хабарламада.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0