Қоғам

Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңге қаншаға өседі – Мырзахметов есеп-қисабын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПособие во время карантина 42 500
Пособие во время карантина 42 500  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Нұрымбетовтың айтуынша, карантин кезінде жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем мен оның кезеңін арттыру туралы ұсыныстарды енгізу жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Атамекен" палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда 42 500 теңгені қаншаға өсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше ғана министр бұл ақшаның көлемін арттыруды қарастырамыз деді. Бірақ біз ол мәселені мамыр айында айтқанбыз. 42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты", – деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте мәжілісте өткен үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру: жұмыссыз қалған адамға жарнаны кім аударады 

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, алдағы уақытта карантин қайта енгізілсе, қазақстандықтар жұмысынан айырылып, табысы азаюы мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болу қажет. Осыған байланысты карантин кезінде жұмыссыздар үшін жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем мен оның кезеңін арттыру туралы ұсыныстарды енгізу жоспарланған.

Жаңалықтар
0