Әлем

Ресейдегі қазақстандықтар желтоқсан айының ортасына дейін тіркеуден босатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновПаспорт
Паспорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл шара коронавирус пандемиясы жағдайында азаматтардың түрлі мақсатта орын ауыстыруын жеңілдетуді қарастырады  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ресейдегі қазақстандықтар желтоқсан айының ортасына дейін тіркеуден босатылды.

Ресей президенті Владимир Путин "Коронавирус инфекциясының (COVID-19) одан әрі таралу қаупіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін шешудің уақытша шаралары туралы" өзінің №274 жарлығына өзгерістер енгізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады 

"Осы құжатқа сәйкес, тіркелудің немесе уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі 2020 жылдың 15 наурызынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде аяқталса да Қазақстан азаматтары елде тіркеусіз еркін тұра алады. Осы кезең үшін оларға ешқандай айыппұл мен депортация шаралары қолданылмайды", - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.  

Жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес, паспорттың немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі 2020 жылдың 14 наурызынан кейін аяқталған болса, Ресейден Қазақстанға мерзімі өткен құжаттармен кетуге рұқсат етіледі, бірақ үшінші елдер арқылы транзитпен шығуға тыйым салынады.

Жаңалықтар
0