Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуНоутбуки и планшеты с разными электронными учебниками, архивное фото
Ноутбуки и планшеты с разными электронными учебниками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

Жаңалықтар
0