Қоғам

Медициналық сақтандыру: жұмыссыз қалған адамға жарнаны кім аударады 

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер жұмыстан шығып кеткен адам жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрса, ол үшін жарнаны мемлекет аударады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов пандемия кезінде табысынан айырылғандар тіркеуге тұрса, жарнаны мемлекет аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, бүгінде ондай арыз-шағымдар бар. Себебі жұмысшылардың көбісі демалысқа жіберілді. Ондайда жұмыс кезеңі үзіледі. Егер сіз кәсіпорынның жұмыскері болсаңыз, онда жұмыс берушіге баруыңыз қажет. Ол түспей қалған жарналарыңызды аударып беруі тиіс", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған адамдар үшін мемлекет жарна аударады. Бірақ ол үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелу керек.

"Егер демалысқа емес, толығымен жұмыстан шығып кетсеңіз, онда жұмыспен қамту орталығына барып, тіркеуге тұруыңыз қажет. Осылайша, сіз жеңілдік алатын адамдардың санатына кіресіз. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Ал жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрмасаңыз, 2 125 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасауыңыз қажет. Онсыз медициналық сақтандыру санатына кірмейсіз", - деп түсіндірді Төкежанов.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды 

Айта кетейік, пандемия кезінде халықты қолдау шаралары аясында табыссыз қалған адамдарға уақытша сақтандыру мәртебесін беруге шешім қабылданған болатын. Олар:

  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айда қарызы жоқ жалдамалы жұмысшылар;  
  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айдан астам қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер және жеке іс-тәжірибемен айналысатындар;
  • 42 500 теңге көлемінде бір реттік төлемді алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді аударғаннан кейін әлеуметтік мәртебеден айырылғандар, бұрын олар үшін мемлекет жарна жасаған.
Жаңалықтар
0