Қоғам

Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел КазахстанаВ Анталии открыт парк в честь Абая
В Анталии открыт парк в честь Абая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саябақтың ашылу салтанатына қатысқан түркиялық шенеунік Абай бүкіл түркі әлемін біріктіретін тұлға екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қырүйек — Sputnik. Антальяда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының құрметіне саябақ ашылды. Бұл идеяның бастамашысы – Қазақстанның Түркиядағы елшілігі.

Саябақ аумағында ойшыл ақынның құрметіне орнатылған естелік тақтаның ашылуы өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы бауырлас мемлекетке саябақтың ашылуына қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шаралар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін жеткізді.

"Біз қазіргі кезде жиі сөз етіп жүрген интеллектуалдық ұлтты қалыптастыру идеясының бастауында Абай тұрғанын білуіміз керек. Ұлы ойшыл өзінің әр сөзі арқылы ұлт санасын дамытуға тырысты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін мысалға келтірген елші.

Антальядағы Муратпаша ауданының мэрі Умит Уйсал саябаққа Абай есімін беру қазақ және түрік халықтарының рухани және мәдени жақындығын көрсететін маңызды оқиға екенін атап өтті.

"Абай есімі – түркі әлемін біріктіруші ұлы есімдердің бірі", – деді ол.

Саябақтың ашылу құрметіне концерт ұйымдастырылды, іс-шараға қатысушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіре орындады.

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел КазахстанаАнтальяда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды - Sputnik Қазақстан
Антальяда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды

Қазақ ақынының саябақтағы ескерткіш тақтасының ашылуына Муратпаша ауданының мэрі Умит Уйсал, елдің саяси және қоғам қайраткерлері, Еуразия және Қазақстан достығы мен мәдениеті ассоциациясының төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ, қазақ диаспорасының өкілдері, БАҚ және қала қонақтары қатысты. 

Абайдың 175 жылдығы

Еске сала кетейік, 10 тамызда қазақстандықтар алғаш рет жаңа мерекені – Абай Құнанбаев күнін атап өтті. Бұл атаулы күнге орай, Қазақстанда көп іс-шара жоспарланған болатын, алайда, пандемияның салдарынан олар өтпей қалды, кейбір мерекелік шаралар онлайн форматқа ауыстырылды.

Көптің есінде қалған акциялардың бірі – Абай өлеңдерін оқуға арналған поэтикалық эстафета. Оны мектеп оқушысы Ләйлім Шамшырақ бастаған еді. Жеткіншек алғаш эстафета тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынды, мемлекет басшысынан алған кезекті эстафетаны әнші Димаш Құдайберген жалғастырды.

Жаңалықтар
0