Әлем

Ресей президентін Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтінім 10 қыркүйекте Ослодағы Нобель комитетінің штаб-пәтеріне түсті, деп хабарлады ресейлік жазушы Сергей Комков

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Жазушы Сергей Комков Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді 2021 жылғы Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Мен тиісті өтінімді 9 қыркүйекте жібергенмін. Келесі күні, яғни 10 қыркүйекте ол өтінім Ослодағы Нобель комитетінің штаб-пәтеріне түсті", - деді Комков арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау қыркүйекте басталып, қазан айында аяқталады. Комитет барлық өтінімді наурызға дейін қарайды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те осы бастамаға қатысты пікір білдірді.

"Шешім қабылданса, тамаша болады. Ал болмаса, ештеңе етпес", - деді Песков журналистерге берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы фотографтың кесірінен ешкімге бұйырмады 

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Норвегияның стортинг (парламент) депутаты Кристиан Тибринг-Чьедде 2021 жылғы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа табыстауды ұсынды.

2017 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ядролық қарусыздандыру саласындағы еңбегі үшін осы сыйлыққа ұсынылған болатын.

Жаңалықтар
0