Экономика

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуАрхивное фото металлолома
Архивное фото металлолома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қор қазақстандық кәсіпорындарды 3%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қор индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасының қаржы операторы мен "Нұрлы жол" – "ҚДБ-Лизинг" АҚ базасында құрылды.

"Қорды құру өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол қазақстандық кәсіпорындарды 3%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталады", - деп атап өтті министрлікте.

Қор қызметінің негізгі басымдығы – президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған маңызды міндет өзінің өнеркәсіптік әлеуетін толықтай ашу екенін атап өтті.

Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ҚДБ-Лизингпен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына деген сұранысты ынталандыру бағытындағы бағдарламаларды іске асырады.

Жаңалықтар
0