Қоғам

Депутаттар азық-түлік сатып алу үшін арнайы купондар шығаруды ұсынды

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары отандық азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін арнайы купондар немесе төлем карталарын шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаттары "Барша қазақстандыққа арналған қолжетімді және сапалы тамақтандыру" ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды. Жобада отандық өнімдер үшін арнайы купондар шығаруды қарастыру қажет деп санайды "Халық коммунистері".

"Азаматтарға көмек ретінде отандық азық-түлікті сатып алуға арналған арнайы купондар немесе төлем карталарын шығару керек. Бұл бір мезгілде тамақ сапасын жақсартуға және қазақстандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді", - деді депутат Айқын Қоңыров.

Ол осы жылдың қаңтар-тамызында азық-түлік тауарлары, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 10,4%-ке қымбаттағанын атап өтті.

Әсіресе, халық рационының негізгі бөлігін құрайтын және Қазақстанда өндірілетін өнімдердің бағасы қатты көтерілген.

"Нан-тоқаш өнімдерінің бағасы 14%-ке,  ұн – 22,9%-ке, жарма – 33%-ке, картоп – 26,6%-ке, жұмыртқа – 13,9%-ке, май – 15%-ке, ет және ет өнімдері 13,5%-ке өсті", - деді мәжілісмен.

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

Айтуынша, екінші тоқсанда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындары рекордтық көрсеткішке – 56,4%-ке жеткен. Бұл қазақстандықтардың көп тамақ жей бастағанын емес, азық-түліктің қымбаттағанын білдіреді, деп түсіндірді Қоңыров.

"Халық коммунистері" фракциясы ұлттың, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына тамақтың сапасына әсер ететінін атап өтті.  Бұл күзгі-қысқы маусымда және коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны қарсаңында өте өзекті.

Жаңалықтар
0