Қоғам

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті – видео

© Photo : предоставлено PR-директором Данэлии Тулешовой Татьяной СиненкоДанэлия Тулешова
Данэлия Тулешова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншінің PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, танымал шоудың финалында он әртіс өнер көрсеткен

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent әлемдік шоуының 15-ші маусымының финалында өнер көрсетті.

Он төрт жастағы әнші Сианың "Alive" әнін орындады. 

"Бұл өте қиын композиция, бірақ біз дайындыққа өте аз уақыт берілгеніне қарамастан осы әнді таңдадық. Қолдау білдіріп, ілтипат сөздерін жолдап жатқандарға рахмет, бұл мен үшін өте маңызды", – деді Данэлия Төлешова.

Жас әншінің PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, танымал шоудың финалында он әртіс өнер көрсетті, оның алтауы әр түрлі жастағы вокалист.

Байқаудың бұған дейінгі екі кезеңіндегідей финалистерге бір күн бойы дауыс беріледі. Ал оның нәтижесі ертең хабарланады.

Оқи отырыңыз: Димаштың кісілігіне қайран қалдым – Данэлия Төлешова

Айта кетейік, America’s Got Talent шоуының 15-ші маусымы мамырдың соңында басталды. Данэлия Төлешова бұл шоуға қатысып жатқан жалғыз қазақстандық.

Жаңалықтар
0