Видео

Студенттер әскери жиын пунктіне лап берді – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанның әскери жиын пунктінде бірнеше күннен бері студенттердің кезегі толастамай тұр. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, әскери кафердраға түскісі келеді

Бас кезінде дәрігерлер 25 қыркүйекке дейін ғана қабылдайды деген. Содан барлығы бір уақытта әскери жиын пунктіне лап берді. Кіреберісте санитарлық талаптар сақталмайды. Арақашықтықты көрсететін белгілер де көрінбейді. Sputnik Қазақстан тілшілері сол жерге барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан, әскери жиын пунктінде жиналған студент жастар көп. Үсті-басы малмандай су болса да, медициналық тексерістен тездетіп өтуге тырысып жүр. Себебі осы аптаның соңында комиссияның жұмысы аяқталады деген ақпарат болған. Ал оның мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылатынын бүгін ғана айтыпты. Содан адам кезегі азайса да, тексерістен өтемін деушілер әлі де көп. 

"Мысалы, мен үш күндей өте алмай жүрдім. Басқалар да солай. Содан адамдардың агрессиясы басым. Өйткені жасалған кезекке сенбейді. Әскерилер келеді де, бәрін жазып алады, бірақ ол кезек ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Содан адамдар күтіп тұруға мәжбүр. Бүгін 10-ына дейін ұзартылғанын айтты. Осыдан кейін адамдар да азайды. Әйтпесе, бұған дейін бұл жерде 200 адамға дейін жиналып тұратын", - дейді студенттер.

Ал әскерилердің сөзіне қарағанда, сыртта санитарлық талаптар сақталмаса да, іште барлық шара ережеге сай орындалады.

"Мына жерде кафедраға медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Ішінде арақашықтығын сақтап жатырмыз. 10-ына дейін ұзартты. Бас кезінде 25 қыркүйекке дейін болған, арақашықтықты сақтау жағынан үлгермей қалдық. Сол себепті 10 қазанға дейін ұзартты", - дейді олар.

Жаңалықтар
0