SputnikPro вебинары: мамандар БАҚ-ты қалай ілгерілету керек екенін түсіндіреді

© Sputnik / Владислав ВодневДиктофоны (для заставочного фото)
Диктофоны (для заставочного фото) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы SputnikPro жобасының онлайн-сессияларын одан әрі жалғастырады. Модульге қатысуға қазақстандық журналистер, баспасөз қызметінің қызметкерлері шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. "БАҚ-ты қалай алға ілгерілету керек?" тақырыбындағы SputnikPro  жобасының онлайн-сессиясы 25 қыркүйек, жұма күні, сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойныша) өтеді.

Шеберлік сабағында "Россия сегодня" медиатобы баспасөз қызметінің жетекшісі  Анна Старкова неліктен баспасөз хабарламаларын жазу қажеті емес және жеке әлеуметтік желіні қалай дамыту керек сынды сауалдарға жауап береді.

Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Анна Старкова "Россия сегодня" ХАА баспасөз қызметінің жетекшісі, сондай-ақ, агенттіктің корпоративтік коммуникациясын үйлестіреді. Халықаралық коммуникация, gr және журналистика салаларында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұған дейін "Валдай клубы" директорының кеңесшісі және стратегиялық бастамалар агенттігі компаниясының халықаралық жобалар жетекшісі болған.

"России сегодня" баспасөз қыметінің каналы, РИА Новости және Sputnik Telegram-ы - t.me/zubovskiy4.

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сессияларда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктері, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, "сарыжағал ақпараттан" аулақ болып, жаңалықтар ресурстарындағы трафикке қол жеткізу мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің жүргізушілері ретінде Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар сөз сөйледі. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарымен Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы - айына 80 миллион. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді.

Жаңалықтар
0