Қоғам

Парламент шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заңды қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневПленарное заседание мажилиса
Пленарное заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте мақұлданған заң жобасына 17 қыркүйекте бірқатар өзгерістер енгізіліп, сенаттан төменгі палатаға кері қайтарылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан парламенті мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салатын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын биыл 3 маусымда мақұлдаған еді.

17 қыркүйекте сенат құжатқа бірқатар өзгеріс енгізіп, төменгі палатаға кері қайтарды. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады.

"Сенат енгізген өзгерістер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды", – деді мәжілісмен Жанат Жарасов.

Сенаторлар Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізді. Оған сәйкес кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері қылмыс жасауға арандату болып саналады.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1-бабы 2-1-бөлігіне сәйкес, кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған заң жобасынан кодекске осы түзетулерді алып тастау ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлық субъектісіне кімдер жатады

Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салу нормасы бар.

Өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым салынады.

Дербес құрылымдық бөлімше басшыcы лауазымынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдар, сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдар сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызылады.

Оқи отырыңыз: "Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды

Сонымен қатар, құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін белгілеу көзделген.

Жаңалықтар
0