Қоғам

Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды

© Photo : Пресс-служба АО "Казахфильм" им. Ш.АймановаАдиль Ахметов на премьере фильма "Дорога к матери" в Алматы
Адиль Ахметов на премьере фильма Дорога к матери в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділ Ахметов – театр және кино актері ғана емес, Жастар театрының алғашқы күнінен бастап еңбек етіп жүрген майталман маман, деп атап өтті Аида Балаева  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Барша астаналықтар үшін сүйікті Жастар театрының басшылығына Әділ Ахметовтың тағайындалғанын үлкен қуанышпен қарсы алдым. Әділ – белгілі театр және кино актері ғана емес, осы театрдың алғашқы күнінен бастап еңбек етіп жүрген майталман маман", - деп жазды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында.  

Осы орайда, министр Әділ мен театр ұжымын шын жүректен құттықтады.

"Сөз жоқ, бұл қуаныштың түбінде осынау театрдың негізін қалап, талантты да талапты дарындардың басын бір арнада қосқан театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай ағамыздың еселі еңбегі жатыр", - деп атап өтті ол.

Балаева театрдың жаңа басшылығы осындай жылдар бойы қалыптасқан жылы дәстүрді жалғап, өнер ұжымын келешек шығармашылық жеңістерге жетелейді деп сенім білдірді.

Әділ Ахметов туралы не білеміз

Әділ Ахметов 2002-2006 жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма және кино актері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын "Мен" театрында бастап, 2007 жылы Астана қаласы Жастар театрының негізін қалауға атсалысқан.

"Кек", "Қалжа", "Елім-ай", "Астана – махаббатым менің", "Армандастар", "Алдар көсе", "Парыз", "Жаужүрек мың бала",  "Қара шаңырақ", "Томирис", "Анаға апарар жол" және тағы басқа фильмдерде ойнаған. 

"Дарын" жастар сыйлығының лауреаты. "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері.

Жаңалықтар
0