НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 14-20 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір апта ішінде қанша адам қайтыс болды
- Алматы қаласы – 2,
- Шымкент қаласы – 1,
- Атырау облысы – 5,
- Шығыс Қазақстан облысы – 6,
- Жамбыл облысы – 3,
- Батыс Қазақстан облысы – 4,
- Қарағанды облысы – 3,
- Қостанай облысы – 1,
- Маңғыстау облысы – 1,
- Павлодар облысы – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
Салыстыру үшін айтсақ, бұдан алдыңғы аптада індет 37 қазақстандықтың өмірін жалмаған еді.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 1 699 адам қайтыс болды.