Экономика

Министр бидайды сатып алу бағасы қанша теңге болатынын айтты

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУрожай зерна
Урожай зерна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр сатып алу бағасын белгілеуде отандық өндірушілерді қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жағы да ескерілгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сапасына қарай сатып алу бағасын белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Азық -түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бидайды сатып алу бағасын сапасына қарай 83-87 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады", – деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында.

Айтуынша, форвардтық мәмілелер бойынша күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағасы дақылды жинау аяқталғаннан кейін белгіленеді.

Министр сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жағы да ескерілгенін атап өтті.

Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінішімен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық мәмілелер бойынша сатып алуды жүзеге асырды. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 миллиард теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық диқандар астық алқабының 93 процентін орып үлгерді

Айта кетейік, бүгінге дейін 516 мың тонна өнім сатып алуға келісімшарт жасалды.

Жаңалықтар
0