Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

© REUTERS / RITZAU SCANPIXИнтенсивті терапия палатасында жүрген дәрігерлер
Интенсивті терапия палатасында жүрген дәрігерлер  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 667 адам емделіп жатыр, соның ішінде 36-ы – бала. 97 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

4 адам коронавирустан, ал бір пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Бір тәулікте 62 адам пневмонияға шалдықты.

1 тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 31 148 науқасқа жетті. 344 пациент көз жұмды.

Ал 13 наурыздан бері 107 307 адам коронавирус жұқтырды, 1699 науқас қайтыс болды.

Қазір коронавирустан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 97 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 13 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 17 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0