Өңірлер

Қазақстанның он өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, республиканың барлық дерлік өңірінде жел күшейіп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ түседі

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 21 қыркүйекте республиканың он өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Көкшетауда да жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 23-28 м/с. Петропавлда да 25 м/с жел болжанып отыр.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан күші 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Қостанай қаласында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түседі деп болжануда. Онтүстік-батыстан, батыстан 23-28 м/с жел соғады. Қарағанды қаласында да күндіз 15-20 м/с жел күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Атырау қаласында күндіз екпіні 15 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысында да қатты жел, Ақтөбе қаласында күндіз желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.

Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Оралда түнде найзағай ойнайды, күндіз екпіні 18 м/с жел соғады.

Жамбыл облысында 21 қыркүйек күндіз және 22 қыркүйек түнде найзағай жарқылдап, жел күшейеді деп күтілуде. Тараз қаласында да күндіз найзағай ойнайды.

Жаңалықтар
0