Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона
В Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құс фабрикаларының қызметкерлері жұмыссыз қаламыз деп қорқып отыр. Аймақта бірнеше күн ішінде құс тұмауынан құстардың тең жартысы қырылып қалды. Жағдайды көру үшін үшін облысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы топ барды

ПЕТРОПАВЛ, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіп тұр: аймақтағы құс фабрикаларында құстар өліп жатыр. Облысқа өңірді вакцинациялау, сондай-ақ аумаққа дезинфекция жұмыстарын жүргізу және құстардың өлексесін жою бойынша жұмыстарды дұрыс үйлестіруге және іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу үшін ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы топ келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко өлген құстарды көметін жерді көрсетті.

"Бұл өлексені жоюға, одан кейін оны жағып жіберуге арналған шұңқыр. Ауру құстың өлексесін зауыттың айналасындағы тұрғын үйлерге таратпау үшін ашық ауада қалдыруға болмайды", - деді Костенко.

Оның айтуынша, 10 қыркүйектегі есеп бойынша құс фабрикасында 320 мыңға жуық тауық, 6 мыңнан астам қаз болған.

"Қазір тауықтың жартысынан азы қалды, кеше кешке 180 мыңнан астам тауық өліп қалды. Бүгін тағы 30-40 мың тауық өлуі мүмкін деп болжанып отыр. Аналық қаздар қалмады деуге болады. Аурудың ағыны қатты болғаны соншалық бірнеше күн ішінде ондаған мың құс өліп қалды. Шұңқырларды қазып, өртеп жатырмыз, инфекция сыртқа тарамауы үшін шұңқырды балшықпен жабамыз", - дейді кәсіпорын технологы.

© Sputnik / Елена БережнаяҚұс фабрикасының қызметкерлері жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдайды
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды - Sputnik Қазақстан
Құс фабрикасының қызметкерлері жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдайды

Маманның айтуынша, кәсіпорын құс тұмауына қарсы жаппай вакцинациялауға қаржылық тұрғыдан дайын болмаған. Соған байланысты екі апта ішінде тек 15 мың үйректі вакцинациялай алған.

"Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумақтарда бұл індеттің өршіп жатқанын білген кезде осындай шара қабылдадық. Тауықтарға вакцинаның жетпейтінін ескеріп, қолда бар дәріні үйректерге салуды жөн санадық. Қазір үйректер аман. Олар аман қалады деп үміттенеміз, бірақ иммунитет кем дегенде 28 күн ішінде қалыптасады. Содан кейін сынама алып, иммуниттеттің қалыптасқанын тексереміз. Қажет болса қайта саламыз", – деп түсіндіреді Татьяна Костенко.

Құс тұмауына қарсы вакцинаның мың дозасы орташа есеппен 50 мың теңге тұрады. Құс фабрикалары субсидия алмайды, яғни кәсіпорында мұндай қымбат вакцинацияны жүргізуге қосымша қаражат болған жоқ. Кәсіпорындағы құстарға басқа да инфекцияға қарсы дәрі егіледі, оның да бағасы қымбат.

© Sputnik / Елена Бережная10 қыркүйекте құс фабрикасындағы тауықтың саны – 320 мыңға жуық болса, қаздардың саны 6 мыңнан асқан. Бір күнде 180 мыңнан астам тауық өліп қалды
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды - Sputnik Қазақстан
10 қыркүйекте құс фабрикасындағы тауықтың саны – 320 мыңға жуық болса, қаздардың саны 6 мыңнан асқан. Бір күнде 180 мыңнан астам тауық өліп қалды

"Республикалық эпизоотияға қарсы отряд өлген құс иелерінен өтініштер қабылдайтын болады. Құс иелері Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия жариялаған баға бойынша құстың түріне қарай нарықтағы орташа құн мөлшерінде өтемақы аударылатын шот ашуы тиіс", - деп атап өтті вице-министр.

© Sputnik / Елена БережнаяАумақта құс тұмауынан мыңдаған тауық, қаз, үйрек өліп қалды
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды - Sputnik Қазақстан
Аумақта құс тұмауынан мыңдаған тауық, қаз, үйрек өліп қалды

Айтуынша, аймаққа Отарда орналасқан биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты жергілікті штамдарды пайдаланып өндірген отандық вакцина әкелінді. Солтүстік Қазақстан облысына 873 мың доза жеткізілді.

Вакцинация диагноз қойылған сәтте жүргізіледі.

"Диагноз 16 қыркүйекте сағат 21.00-де қойылды. 17 қыркүйекте шектеулер мен вакцинация туралы шешім қабылданды, 19  қыркүйекте таңертең вакцина аймаққа арнайы автокөлікпен жеткізіліп, аудандарға таратылды. Вакцинаны жеткізу және тарату үшін бізге екі күн қажет болды", - дейді Гүлмира Исаева.

Айтуынша, Павлодар облысының үш елді мекенінде, Қостанай облысында үш елді мекенде және Ақмола облысында бір елді мекенде құстардың өлуі жиілегені тіркелді. Патологиялық материалдар іріктеліп алынды, ал зерттеулер әлі аяқталған жоқ.

Алайда, Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркелгені ескеріліп, сол өңірлерге де вакцина бөлу туралы шешім қабылданды. Вакцина қазірдің өзінде жеткізіліп, аудандарға таратылды. Доза саны жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті ветеринариялық қызмет сұранысына қарай жолданды.

© Sputnik / Елена БережнаяОблысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы топ келді
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды - Sputnik Қазақстан
Облысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы топ келді

Вице-министр Қазақстанда 2005 жылдан бері құс тұмауы болмағанын айтып өтті.

"Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысына аймаққа жұмысты дұрыс үйлестіруге және вакцинация шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ аумақтарды дезинфекциялауға және құстардың өлексесін жоюға көмектесу үшін келдік. Барлық іс-шараның дұрыс екеніне көз жеткізу өте маңызды болды. Біздің тағы бір міндетіміз – өлген құстың иелеріне өтемақы төлеу бойынша жұмысты жолға қою", - деді ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.

Сонымен қатар комиссия өңірдің құс фабрикаларының басшыларымен кәсіпорындардың айналасында биологиялық қауіпсіз оқшауланған аймақтар құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Барлық қажетті талап орындалған жағдайда өңірдің құс фабрикалары өз өнімдерін еркін өткізу құқығына ие болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауына байланысты он ауылдың карантинге жабылғаны хабарланды. Ол аймақта тек үй құстары ғана емес, жабайы құстар да өлген болатын.

Жаңалықтар
0