Өңірлер

Шымкентте банктің бес бірдей қызметкері тергеуге алынды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЕвро банкнота
Евро банкнота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте банк филиалдарының бірінде номиналы 500 еуро жалған ақшаны өткізу фактісі анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте бес бірдей банк қызметкері жалған ақша өткізгені үшін тергеуге алынды. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шымкентте банк филиалдарының бірінде номиналы 500 еуро жалған ақшаны өткізу фактісі анықталды. Жалпы сомасы 4 000 еуроны құрады. Осы қылмысты банктің бес қызметкері жасаған. Қазіргі кезде қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталуға жақын", - деді Элиманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, номиналы 500 еуро жалған ақшаны жеткізудің халықаралық арнасы да анықталып, үш адам сотталды. Олардың ішінде Ресей азаматы да бар.

"Бұдан бөлек, сотта тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Айыпталушы - Грузия азаматы. Ол осы елдің қаржы полициясында жұмыс істеген", - деп атап көрсетті Элиманов.

Экономикалық тергеу қызметі республика аймағында жалған ақша жасаған екі жасырын цехты да анықтады. Мәселен, Алматы облысында бір азамат жалдамалы пәтерде 5 000 және 10 000 теңгенің жалған қағаз ақшаларын жасап келген.

Жаңалықтар
0