Қоғам

Қазақстанда тергеуге алынғандар да электронды білезік таға бастады

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлектронный браслет по форме не отличается от обычных электронных часов и состоит из ремешка, который сделан из легкого пластика или резины с отверстиями для регулировки его длины
Электронный браслет по форме не отличается от обычных электронных часов и состоит из ремешка, который сделан из легкого пластика или резины с отверстиями для регулировки его длины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құсайыновтың айтуынша, электронды білезік адамның аяғына тағылады. Сондай-ақ, күдікті өзімен бірге ұялы телефонға ұқсас автономды станцияны алып жүруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жемқорлық үшін тергеуге алынған адамға алғаш рет электронды білезік тағылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің цифровизация мәселелері жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Электронды білезіктер тергеу кезінде тағылатын болатын. Мысалы, сот үкімі шыққанға дейін үйқамақта ұстау шарасы қолданылса, күдіктіге білезік тағылады да, сол арқылы оны бақылайтын болады. 17 қыркүйекте Қарағанды қаласының мамандырылған тергеу соты алғаш рет осы электронды білезікті қолдануға қатысты шешім шығарды. Оны үйқамақта жүрген күдіктіге тақты", - деді Құсайынов астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, электронды білезік адамның аяғына тағылады. Онымен бірге ұялы телефонға ұқсас автономды станцияны ұстап жүру керек. Сол арқылы күдіктінің биометрикалық деректерін тексеруге болады. Білезіктің салмағы – 40 грамм. Аккумуляторы жарты жылға жетеді. Оны бұзуға немесе зақымдауға әрекет жасалса, арнайы сигнал бірден диспетчерлік орталыққа түседі. Күдікті емханаға немесе сотқа барса, арнайы маршрут сызылады. Сол жолмен ғана жүру керек. 

"Әзірше, электронды білезіктің 10 дана жинағын сатып алуға шешім қабылданды. Осы мақсатта жыл соңына дейін шамамен 500 мың теңгедей кетеді. Егер осы тәжірибе тиімді әрі нәтижелі болса, онда сатып алынатын электронды білезіктер саны артады", - деп атап көрсетті Құсайынов.

Оқи отырыңыз: Тұрғымбаев полиция кімдерді смартфон арқылы бақылайтынын айтты

Жаңалықтар
0